Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Климат жақпайды": Оңтүстіктен солтүстікке көшкен тұрғындардың не себепті кері қайтатыныны белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов оңтүстік халқының солтүстікке көшіп, көп ұзамай кері қайтуының себебін түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, биыл  оңтүстіктен солтүстікке 7550 адам көшкен. Оның 1200-і қандас болса, тек 76 адам оңтүстікке қайтқан.
"Сол жақта өмір сүріп, бейімделіп кеткен адамдар жетеді. Әлеуметтік желіде шыққан ақпарат нақты мемлекеттегі жағдайды көрсетеді деп айта алмаймын. Нақты мәлімет: 7 мың адамнан 70-сі ғана қайтты. Оның 30-ы солтүстікке барып, өзі келіскен жұмыс көңілінен шықпаған. Адам болғасын әртүрлі жағдайлар болады", - деді ведомство өкілі. 
Сонымен бірге ол осы жылы солтүстікке көшкендердің 33-іне климат жақпай, олар туған жеріне кері қайтқанын мәлімдеді. Бұған қоса солтүстікке қоныс аударатын азаматтарға алдағы уақытта кезексіз 20 гектар жерге дейін берілетіні белгілі болды. "Енді биыл заң жобасында көшіп барған азаматтарға кезексіз өз шаруашылығын жүргізуге 20 гектарға дейін жер беру мәселесі тұр. Бұрын қандастар солтүстікке көшіп барса, кезексіз жеке шаруашылық, 20-40 сотық жер немесе 1 гектарға дейін жер беретінбіз. Енді шаруа қожалығын жүргізуге 20 гектар жер беріледі. Бірінші 5 жылда жер жалға беріледі, 5 жылда өзі ойлаған межеге жетемін деп жұмыс істесе онда жер 49 жылға жалға беріледі. Заңға енгізілетін өзгеріс 2023 жылы күшіне енеді", - деді министрлік өкілі. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді