Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазгидромет алдағы үш күнде аптап ыстықтың беті қайтатынын мәлім етті

28-30 шілде аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды. Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі метеорологиялық жағдай нашарлай бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Мұның себебі - республиканың аумағын ыстық оңтүстік пен салқын солтүстікке бөлген атмосфералық фронттар. Біртіндеп жылжыған фронтттар елдің солтүстік жартысында, содан кейін шығысында, оңтүстік-шығысында найзағайға, желдің күшеюіне, кей жерлерде бұршақтың жаууына әкелуі мүмкін.

Мұның бәрі солтүстікте күндізгі ауа температурасының төмендеуіне және елдің оңтүстік жартысында ыстықтың бәсеңдеуіне ықпал етеді. Күндізгі уақытта Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы күндіз +20 +30°С-тан +15 +25°С-қа дейін, елдің орталығында +25 +33 °С-тан +18 +27°С-қа дейін, шығыс облыстарда аптап ыстық +25 +35°С-тан +19+29°С -қа дейін төмендейді. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы +30 +39°С-тан +25 +36°С-қа дейін сақталады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады