Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бүгін Қазақстанның ірі үш қаласында жаңбыр мен қар жауады

Бүгін, 8 қарашада синоптиктер Қазақстанның үш ірі қаласында күн бұлтты, жауын-шашын болады деп болжайды. Алматы мен Шымкентте жаңбыр жауса, Астанада қар жаууы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарланды, деп жазады kazlenta.kz

Бүгін Астанада қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз -1...-3 градус болса, түнде -3...-5 градусқа дейін төмендейді. Бұл ретте желдің жылдамдығы шамалы – 2-7 м/с. Елордада түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Алматылықтарды бұлтты күн күтіп тұр, кейде жаңбыр жауады.

Күндіз термометрлер бағаны +5...+7 градусты көрсетсе, түнде 0...+2 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады, бірақ екпіні 12 м/с жетуі мүмкін. Шымкентте сейсенбі күні көшпелі бұлт шығады, кей уақытта қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Мегаполисте күндіз +3…+5, түнде 0…-2 градус болады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с деңгейінде болады. Синоптиктердің мәліметінше, тұманға байланысты кей өңірлерде дауылды ескерту жарияланды.

Сонымен, тұман келесі өңірлерде күтіледі: Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында; Алматы облысының таулы аймақтарында; Қызылорда облысының солтүстігінде; Ақмола облысының оңтүстік жартысында; Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында, сондай-ақ Оралда; Маңғыстау облысының солтүстігінде; Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында; Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және Қостанай қаласында; Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, сондай-ақ облыс орталығында; Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында және Петропавл қаласында. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді