Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы "Борт №1" арнасында хабарлады, деп жазады kazlenta.kz

Президенттің америкалық ірі компаниялардың басшыларымен кездесуі әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірі Goldman Sachs-тің мұнай және шикізат саудасы жөніндегі жаһандық басқарушы директоры Эд Эмерсонмен әңгімелесуден басталған. Кездесу барысында Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланған.

Қазіргі уақытта бұл банк "Астана" халықаралық қаржы орталығымен табысты ынтымақтастық орнатқан. Сондай-ақ кездесуде энергетика саласын дамытудың келешегі жөнінде де пікір алмасу болған. Сонымен қатар мемлекет басшысы Grupo Los Grobo компаниясының төрағасы Густаво Гробокопательмен және Халықаралық даму орталығы өсім зертханасының директоры, Гарвард университетінің профессоры Рикардо Хаусманмен кездескен.

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылаған. Grupo Los Grobo – жылдық табысы 1 миллиард доллардан асатын Латын Америкасындағы астық және соя өндіретін ірі компания. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев JPMorgan Chase & Co. компаниясының төрағасы – бас атқарушы директоры Джейми Даймонмен кездесу өткізген.

Кездесу барысында қаржы институттарының өзара іс-әрекеті қарастырылған. Сондай-ақ тараптар әлемдік экономиканың, оның ішінде қаржы нарықтарының даму перспективалары туралы пікір алмасқан. Айта кетейік, Нью-Йоркке сапары барысында мемлекет басшысы танымал америкалық сарапшы, Eurasia Group зерттеу және консалтинг компаниясының негізін қалаушы Ян Бреммермен де кездесті.

Кездесуде қазіргі заманның өзекті мәселелері мен үрдістері талқыланған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда