Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиглот министрлер: ҚР-дағы 19 министрдің екеуі мемлекеттік тілді, жетеуі ағылшын тілін білмейді

Қазір Қазақстанда 19 министрлік бар. Ranking.kz компаниясы зерттеу жүргізіп, оның аясында тіл меңгеру деңгейі бойынша ҚР министрлерінің рейтингін түзді, деп хабарлайды kazlenta.kz


Биыл ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат көш бастады. Министр жеті тілде — қазақ, орыс, ағылшын, итальян, түрік, жапон және латын тілдерінде сөйлейді. Екінші орында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров алды: әрқайсысы бес тілде сөйлейлді.


Үздік үштікті ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жапты: әрқайсысы төрт тілде сөйлейді.

Ескерту: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова төрт тілді меңгергенімен, олардың арасында қазақ тілі жоқ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де мемлекеттік тілді білмейді.


Қазақстандық 19 министрдің 12-сі ағылшын тілін біледі. Жалпы, ҚР-да ағылшын тілін меңгеру деңгейі өте төмен. EF EPI 2021 рейтингінде Қазақстан тізімнің соңында дерлік болды: әлемдегі 112 елдің ішінде 96-орында. ҚР ағылшын тілін өте төмен деңгейде меңгерген елдер қатарына жатқызылды. Көрсеткіш 426.


ТМД елдері арасында ағылшын тілін орташа деңгейде меңгерген елдер ретінде Молдова, Беларусь, Украина және Ресей, ал деңгейі төмен елдер ретінде Армения мен Әзірбайжан кіреді. ТМД-ның қалған елдері ағылшын тілін меңгерудің өте төмен деңгейін көрсетті, олардың ішінде Өзбекстан Қазақстан Республикасынан жоғары, ал Қырғызстан мен Тәжікстан төмен болды.

Рейтингті Еуропа елдері ашты — Нидерланды, Австрия және Дания. Соңғы орында Йемен.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты