Өткен тәулік ішінде, 1 маусымда Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелеріне 207 шақыру келіп түсті, оның ішінде өрт оқиғасы бойынша 204 рет шақыруға шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Өрт оқиғаларының көбеюінің басты себебі ыстық және құрғақ ауа-райы мен адамдардың ұқыпсыздығынан болуда. Оның ішінде басым көпшілігі отты абайсыз қолдану салдарынан шығуда. Жоғары ауа температурасы және жаңғыш материалдардың көптігі (соның ішінде терек мамықтары), сөндірілмеген сіріңкелер, темекі, дәнекерлеу жұмыстары, от жағудан кейінгі ұшқындар, барбекю өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету үшін Қарағанды облысының ТЖД гарнизоны дабылмен көтерілді. Өрт сөндірушілердің жұмысына демалыс енгізілген. Ауыр және қарқынды ауысымнан кейін өрт сөндірушілер бір күн демалып, тағы да өртке қарсы күреске шығады. Күн сайын ауысымға шамамен 900 адам кіреді. Барлық резервтік жабдықтар жұмылдырылған.
Азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырамыз. Өңірде дауылды ескерту бар!
Отпен жұмыс кезінде мұқият және жауапты болыңыз.
От жағуға, қоқыс пен құрғақ шөптерді жағуға тыйым салынады.