Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Парламент депутаттары каникулға кетті

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда жетінші сайланған Парламенттің екінші сессиясы ресми түрде жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz.

Депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады.

«Екінші сессияның заңнамалық күн тәртібі айтарлықтай мазмұнды болды. Мәселен, Праламент палаталарының 4-ші бірлескен отырысы өтті. Мәжілістің 42 жалпы отырысы өтіп, онда 271 мәселе қаралды. Сенаттың 42 жалпы отырысы өтіп, онда 148 мәселе қаралды. Осы сессия кезінде қос палатаның жұмысында 127 заң жобасы болды, оның 78-і қабылданды», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Осы орайда ол Парламент қабылдаған заңдардың қазіргі уақытта 66-сына Президент қол қойып, заң күшіне енгенін атап өтті. «Әдеттегідей депутаттар елдің басты қаржылық құжаты 2022-2024 жылдарға арналған респуликалық бюджетке және оны нақтылауға баса мән берді. Мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауға, денсаулық сақтауға, білім беруге, инфрақұрылымды дамытуға, шағын және орта бизнесті қолдауға және басқа да маңызды мәселелерге қомақты қаражат бөлінді. 2022 жылы қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 42 500 теңден 60 мың теңгеге дейін өсті.

Республикалық бюджетті қарау барысында депутаттық корпус азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орта есеппен 20 пайызға арттыру үшін қаражат бөлуді көздеді. Жалпы, алғанда, шамамен 1,2 млн азаматтық қызметшінің жалақысы өсті. Олардың қатарында педагогтер, медицина қызметкерлері және әлеуметтік қызметкерлер, кітапханашылар, музей қызметкерлері, орманшылар, сондай-ақ басқа саланың өкілдері бар», - деді Мәжіліс төрағасы.
 
Оның айтуынша, нақтыланған республикалық бюджетте қаңтар оқиғаларының салдарын жою жөніндегі, күштік құрылымдар мен төтенше жағдайлар органдарының жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуын арттыру жөніндегі іс-шараларды қаржылындыруға ерекше назар аударылды. «Халықтың табысын арттыру бағдарламасы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары және өңірлер мен бизнесті қолдау әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар бюджеттің қажетті қаражатымен нығайтылды.

Депутаттық корпус заң шығару қызметінде Мемлекет басшысының тапсырмалары мен ол ұсынған жүйелі реформаларды практикалық тұрғыдан іске асыруға басымдық берді», - деді Е. Қошанов. Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі бірлескен отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламентке ҚР Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін БҰҰ миссияларына жіберу туралы ұсынысы қаралды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді