Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Апта басынан бері Ұлттық банк 176 миллион долларға интервенция жасады

Геосаяси жағдайдың шиеленісуі аясында Қазақстанның қаржы нарығына қысым елеулі түрде өсті. Ресей рублінің айтарлықтай әлсіреуі салдарынан (АҚШ доллары үшін 85 рубльден жоғары) теңге бүгінгі сауда-саттық барысында АҚШ доллары үшін 475,75 деңгейінде тарихи белгілерге жетті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

2022 жылғы 24 ақпанда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 13,5%-ға дейін көтерді. Бұл шешім ұлттық валюта мен инфляция деңгейіне түсіп жатқан қысымды төмендетуге бағытталған. Нарықтағы ахуал түбегейлі нашарлаған жағдайда Ұлттық Банк пайыздық саясат шеңберінде одан әрі шешім қабылдау үшін кеңістік қалдырды.  

Ұлттық Банк пен Үкімет Бірлескен іс-қимыл жоспарын тез арада іске асыруға кірісті. Ұлттық Банк қаржылық тұрақтылықты қолдауға бағытталған  іс-қимылдарды, ал Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар кешенін іске асыруда.

Бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша өтемақы (сыйақы) есептеуді қарастыратын Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы жарияланды. Бұл шара банк секторының өтімділігін сақтауға, сондай-ақ теңгедегі депозиттердің тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Базалық мөлшерлеменің артуынан кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынатын теңгедегі салымдар бойынша шекті мөлшерлемелер арттырылды.

Ұсынылған жедел шаралар Қазақстанның қаржы нарығына, атап айтқанда оның валюталық сегментіне тұрақтандырушы әсер етуге, ал болашақта – инфляциялық күтулерді төмендетуге бағытталған.

Ұлттық Банк болжамдылық, жүйелілік және айқындылық  қағидаттарын басшылыққа ала отырып, байланыс орнатуды жалғастырады. Бұл нарықтардағы бұрын-соңды болмаған белгісіздік жағдайында ерекше маңызды болып табылады.

Ұлттық Банктің белсенді коммуникациялық саясаты, басқалармен қоса, валюта нарығындағы операциялар көлемін, сондай-ақ олардың себептерін үнемі жариялап отыруды да қамтиды. Қазіргі жағдайда жүргізіліп отырған саясаттың транспаренттілік деңгейі мен нарықтың сенімін сақтау үшін валюталық операциялардың жедел статистикасы жарияланды. Мәселен, 2022 жылғы 25 ақпан, 12:00 сағатына аптаның басынан бері жүргізілген валюталық интервенция көлемі 176 млн АҚШ доллары, оның ішінде 24 ақпанда – 138 млн АҚШ доллары болды. Бұл сыртқы күтпеген өзгерістің Қазақстан нарығына ауысуын реттеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық Банк қаржылық тұрақтылық тәуекелдері күшейген жағдайда одан әрі валюталық интервенциялар жүргізу құқығын сақтайды. Осы құралды қолдана отырып, Ұлттық Банк бейтараптық қағидатын басшылыққа алады және нарықтық баға белгілеуге кедергі келтірмейді. Айырбастау бағамының қандай да бір деңгейі таргеттелмейді.

Теңгенің икемді бағамы сыртқы сектордың тәуекелдері іске асырылуы аясында маңыздылығы өскен алтынвалюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақша-кредит саясаты жөніндегі бұдан былайғы шешімдер геосаяси жағдайдың дамуына және қаржы нарықтарының ықпалына байланысты болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді