Бердібек Сапарбаев Денсаулық сақтау министрлігіне және әкімдіктерге азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, атап айтқанда – балаларды вакцинациялау, тамақтан улану мен инфекциялық аурулардың алдын алу, қауіпсіз инфрақұрылымды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жақсартуды тапсырған еді. Бұл тапсырманы Премьер-Министрдің орынбасары Денсаулықты қолдайтын саламатты қалалар мен өңірлер жобасы бір бөлігіне айналған Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жобалық кеңсесінің ашылу кезінде айтқан болатын, деп хабарлайды Зарина Керуенова, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары, Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы.
Саламатты қалалар – бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастаған халықаралық қозғалыс, ол өз тұрғындарының денсаулығын жақсартуға ұмтылатын қалалар үшін тұжырымдамалық негізі бар, тәжірибе мен білім алудың көзі болып табылады.
«Саламатты қалалар» жобасы қалалардың барлық өмір саласын қамтиды, оның мақсаты саяси бейілділік, адам капиталының жинақталуы, институционалдық өзгерістер, серіктестік пен инновацияларға негізделген жоспарлау болып табылады.
Жобаның стратегиялық мақсаттары: денсаулық детерминанттарына, яғни адамдар туылатын, өсетін, өмір сүретін, жұмыс істейтін және қартаятын жағдайларға назар аудара отырып, денсаулық мүдделеріне жергілікті деңгейдегі іс-қимылдарға ықпалдасу. Бұл дегеніміз өмір сүруге қауіпсіз жағдайлар мен медициналық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, дене белсенділігі мен спортпен шұғылдану үшін жағдай жасау, ауа мен судың ластануын азайту болып табылады.
Жобаның басты бағыттары – денсаулықтың әлеуметтік детерминанттары, денсаулық үшін қолайлы қалалық орта қалыптастыру, инфекциялық емес аурулармен күресу (ИЕА), барлық жастағы халықтың денсаулығын нығайту, денсаулық мәселелеріндегі әділдікті қамтамасыз ету.
Еуропада саламатты қалалар желісі 30 жылдан аса бар және 100 ірі қатысушы қалалар мен 30 Ұлттық желіні қамтиды, бүкіл әлем бойынша 1400 муниципалитетті біріктіреді. Осы жобаның маңыздылығы мен бірегейлігі әр өңірде географиялық орналасқан жеріне байланысты бөлінетін өз тұрғындарының қажеттіліктеріне қарай бейімделген жұмыс жүргізетінінде. Бұл денсаулықты нығайтудың әлеуметтік үлгісі, ол жерде денсаулық біртұтас факторлардың бірлескен іс-қимылының, оған қоса тұрғын үй сапасы мен табыс, білім және мәдениет деңгейі, қалалық жағдайдың абаттылығы мен көлікті дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, экологиялық жағдай деңгейлерінің нәтижесі болып табылады. Бұл факторлар тобы тікелей адамның өмір сүру салтына олардағы аурулардың пайда болу ықтималдығын және мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупін жоғарылату немесе төмендету арқылы ықпал етеді.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жобалардың үйлестірушісі ретінде, Саламатты болуға ниет білдірген барлық өңірлер мен қалаларға қолдау көрсететін болады. «Денсаулықты қолдайтын саламатты қалалар мен өңірлер» атты Қазақстанның Ұлттық желісіне әрқайсысы кіре алады: ол үшін тек жергілікті үйлестірушіні анықтап, қаланың бейілділігі туралы растаманы ұсынған жеткілікті. Мысалы, Әкімнің Желіге кіргені туралы өкімін ұсынып, сайтымызда өтінімді толтыру қажет. Біз жергілікті атқарушы органдармен әр өңірдегі түйткілді мәселелерді, денсаулыққа ықпал ететін факторларды анықтайтын боламыз және соларға ықпал ете отырып, саламатты университеттер, мектептер және жұмыс орындарын құру арқылы адамдардың салауатты өмірі үшін жағдай жасауға ықпалдасамыз. Қазақстанның барлық қалалары мен өңірлері тұрғындардың барлық қажеттіліктеріне жауап бере алатын қолайлы және қолдаулы ортасы бар мүмкіндіктері тең қалалар болады деген үміттеміз.
Саламатты қалалармен қатар мектептерде, университеттерде денсаулықты қолдайтын, жұмыс орындарында денсаулықты сақтайтын бірнеше жобалар іске асырылады. Ол «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер», «Саламатты университеттер» және «Саламатты жұмыс орындары» жобалары. Осы жобалардың барлығы ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алуға тиімді қайта бағдарлану үшін мектептерде, университеттерде және жұмыс орындарында нақты жұмыс жасауға бағытталған. Олардың тиімділігіне қол жеткізу үшін жылдың басынан Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары өңірлерге шығып, мектептерде, университеттерде және жұмыс орындарында денсаулықты нығайту бойынша жұмыс қағидаттары мен амал-тәсілдерін түсіндіре отырып техникалық консультациялар жүргізуде.
Денсаулық дегеніміз, ДДҰ анықтамасы бойынша – адамның аурулар мен физикалық кемшіліктерден сау болуы ғана емес, оның толығымен физикалық, рухани және әлеуметтік саулығын білдіреді. Адамға және оның денсаулығына түрлі факторлар ықпал етеді. Олардың ішінен емдеу және денсаулық сақтау жүйесі ең соңғы орында тұр – 10%, басты рөлді адамның өмір сүру салты атқарады, ол денсаулықтың 50%-ын құрайды, 25%-ы экологиялық факторларлардан (қоршаған орта) және тек 15%-ы генетикалық факторлардан тұрады. Сондықтан, денсаулық үшін және оны сақтап нығайтуға ықпалдасатын қоршаған орта үшін жеке жауапты болудың маңыздылығын іс жүзінде асыра бағалау мүмкін емес.
Адамның құндылықтары ішінде денсаулық жоғары позицияны иеленеді және әр адамның өмір сапасын анықтауда басты рөл атқарады. Сондықтан, біз үшін, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында Саламатты қалалар жобасын іске асыру – бұл тек Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізіп, 2030 жылға дейінгі күн тәртібіндегі міндеттерді орындау ғана емес, сонымен қатар еліміздегі әр тұрғынның аман-саулығын қамтамасыз ету болып табылады.