2019 жылы 21 тамызда Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, қазақстандық өндірушілердің қатысуымен құрамында қанты бар сусындарды алкогольсіз сусындардағы қант мөлшерін азайту мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттықорталығының баспасөз қызметі
«Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің сарапшысы Самат Сейілов алғы сөз сөйледі. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басшысының м.а. Руслан Сатывалдеев дөңгелек үстелге қатысушыларды құрамында қанты бар сусындардағы қант мөлшерін азайту мәселесінің өзектілігі туралы презентациясымен таныстырды. Руслан Сатывалдеев сусындардағы қант мөлшерін азайту жөнінде ДДСҰ ұсынымдарын айтып өтіп, осы ұсынымдарды сақтаған жағдайда біз бірлесіп таяу арада семіздік проблемасының, оның ішінде балалар арасында семіздіктің артуын тоқтатып қана қоймай, сонымен қатар семіздік індетін толығымен бақылауға алатындығымызға тоқталды.
«ҚР Алкогольсіз сусын және шырын өндірушілер қауымдастығы» атынан қауымдастықтың президенті Алия Мамытбаева сөз сөйледі. Ол өндірілетін сусындардағы қант мөлшерін азайтуға қатысты қабылданған шаралар туралы айтып өтті.
Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларынан келген сусын өндірушілер қант мөлшерін азайту мүмкіндігі бойынша өз ұсыныстарын айтты.
Дөңгелек үстелдің соңында саналы түрде дұрыс тамақтануды қалыптастыру, дұрыс тамақтану талаптарына сай келетін отандық өнімдерге, оның ішінде қант мөлшері аз өнімдерге халықтың сенімін арттыру мақсатында тұтынушыларға арналған кең ауқымды ақпаратты науқан жүргізу бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды.
Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Алкогольсіз сусын және шырын өндірушілері қауымдастығының өкілдері құрамында қанты бар сусындардағы қант мөлшерін азайтуға қатысты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының саясатын толық қолдайтынын айтып, бірлескен меморандумға қол қою арқылы ұсыныстарды іске асыруға дайын екендігін мәлімдеді.