Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің алдағы уақыттағы жоспарлары және Президенттің халыққа Жолдауында берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндалды, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Атап айтқанда, Серікқали Брекешев Мемлекет басшысына Ұлттық геологиялық қызмет құруға қатысты жұмыстар, «Минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесінің әзірленуі жөнінде мәлімет берді.

Президентке су шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Министрдің айтуынша, бес жылдың ішінде суару желісінің кемінде 120 арнасы қалпына келтіріліп, жалпы көлемі 1,7 миллиард текше метр болатын жаңадан тоғыз су қоймасы салынады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев су үнемдеу технологияларын енгізу ісін ынталандыру және су саласын цифрландыру қажет екенін атап өтті. 

Кездесу барысында атмосфералық ауаның ластануын азайту бағытында қабылданып жатқан шараларға ерекше мән берілді. Ведомство басшысының айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында аймақтар бойынша жол карталары бекітіліп, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы әзірленді және кәсіпорындармен бірқатар меморандумға қол қойылды. Аталған құжаттар қалдықтардың көлемін 20-дан 30 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған министрге бірқатар нақты тапсырма берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді