Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан құрамасы самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатында үшінші орын алды

15-17 қазан аралығында Грекияның Салоники қаласында самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті.

Бәсекенің соңғы күні 10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынып, қазақстандықтар соның алтауында медаль жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қуанышымызға орай, 80 келіден жоғары салмақта Аида Тойшыбекова финалда ресейлік Алиса Павлованы айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды. Осыдан кейін 79 келіде сынға түскен Алмас Уәли финалда ресейлік Илья Затылкинмен күш сынасып, қарсыласына жол берді.

Сондай-ақ Гүлзира Құдасбек (59 кг), Аружан Сатова (65 кг), Бексұлтан Дүйсенов (71 кг), Ажар Асхат (80 кг) қола жүлдеге ие болды.

Жалпыкомандалық есепте жастар құрамасы ұлдар мен қыздар арасында Ресей мен Өзбекстаннан кейін үшінші орынға жайғасты.

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионатының алғашқы күні қазақстандық самбошылар 3 жүлдеге қол жеткізген. Аман Бақытжан 58 келіде ақтық сында украиналық Максим Бабичтен басым түсіп, чемпион болды. Ал Нурилә Асанқызы (+80 кг) мен Алдияр Қарағұлов (53 кг) үшінші орын алды.

Екінші күні ұлдар арасында 88 келідегі Құдірет Досымов ақтық сында ресейлік Максим Мержляковқа, қыздар арасында (59 кг) Ақтоты Зәріп украиналық София Бординскихке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Айкүн Рахметова (50 кг), Әлпеш Изенбай (54 кг), Нұрым Қайроллин (58 кг), Есентай Имаханов (64 кг), Анель Қайратқызы (65 кг) қола медальге ие болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда