Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шаруалар Азық-түлік келісімшарт корпорациясына форвардтық келісімшарт бойынша 135 мың тонна астық жеткізді

Шаруалар Азық-түлік келісімшарт корпорациясына форвардтық келісімшарт бойынша 135 мың тонна астық жеткізді
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Биылғы өнімнің 135 мың тоннасы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік қорына жеткізілді. Бұл – 2026 жылғы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша келісілген астық көлемінің үштен біріне жуығы. Астықтың басым бөлігі Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан жеткізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нақтырақ айтқанда, 19 қазандағы мәліметке сәйкес, Қостанай облысының шаруалары 75 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысының диқандары 42,9 мың тонна, ал Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 10,8 мың тонна астық өткізген.

Мемлекеттік қорға тапсырылған астықтың 89 пайызы – үшінші сұрыпты бидай. Бұдан бөлек, шаруалар төртінші және бесінші сұрыпты бидай мен арпа да жеткізіп жатыр.

Биыл ұлттық астық операторы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға 31,9 млрд теңге бөлді. Бағдарламаның басты мақсаты – шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарына қажетті қаражатты алдын ала беріп, күзгі өнімінің бір бөлігін өткізуге мүмкіндік жасау. Қаржылай қолдау алған шаруашылықтар күзде келісімшартта көзделген көлемде астық және майлы дақылдар жеткізеді.

Қыркүйек айының соңында Үкімет биылғы жылғы астықты сатып алу бағасын бекітті. Келісімшарт талаптарына сәйкес, бидай мен арпаны мемлекеттік қорға жеткізу 2026 жылғы 1 қарашаға дейін аяқталуы керек.

Форвардтық келісімшарттар аясында сатып алынған астық мемлекеттік резервті толықтыруға және жемшөп қорын қалыптастыруға жұмсалады. Бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы салаларының шикізатқа деген сұранысын өтеуге мүмкіндік береді.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы басқарушы директоры Сағат Төлеудің айтуынша, астық қорын қалыптастыру кезінде ұн тарту кәсіпорындарының, мал шаруашылығы ұйымдары мен құс фабрикаларының қажеттілігі ескеріледі.

«Мемлекеттік астық қоры агроөнеркәсіптік кешеннің әртүрлі салаларындағы кәсіпорындарды қажетті шикізатпен қамтамасыз етуге арналған. Ұн тарту кәсіпорындарына азық-түлікке жарамды бидай қажет болса, мал шаруашылығы мен құс фабрикаларына жемшөптік астық керек. Сондықтан форвардтық бағдарлама аясында жеткізілетін астық көлемі осы қажеттіліктерге сай болуы маңызды. Қорды сапалы бидаймен толықтырумен қатар, жемшөптік астықтың да жеткілікті көлемде түсуіне назар аударамыз. Шаруалар келісімшартта көрсетілген міндеттемелерін орындап, өнімді белгіленген мерзімде әрі талапқа сай сапада жеткізеді деп сенеміз», – деді Сағат Төлеу.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2022 жылдан бері ішкі нарықты қолжетімді жемшөппен қамтамасыз ету үшін арнайы қор қалыптастырып келеді. Осы қор арқылы мал шаруашылығы кәсіпорындары мен құс фабрикалары қажетті шикізатты белгіленген бағамен сатып алады. Бұл мал мен құс өсіруге, ет өндіруге және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды