Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Самат Нуртаза: Праймериз — Қазақстандағы демократиялық және партиялық реформалардың нәтижесі

Блогер Самат Нұртаза өзінің Facebook парақшасында қазақстандықтардың «Нұр Отан» партиясына деген сенімі туралы айтты. Оның айтуынша, Бауыржан Байбек жариялаған реформалар өз жемісін берді.

"Халық Нұр-Отан партиясына сене ме?" деген сұраққа, жауапты Юлия Кучинская ханым беріпті. Былтыр 65% қазақстандықтар сеніміне ие болған партия, биылғы болжау бойынша 76% дауысқа ие болмақ. Детальдары мақалада.  Ал бірақ "бұл пайызды мамандар қайдан алды?" деген сұраққа болжам былай:

Пандемия кезінде қиналған жандарға көмек берген, жалғызбасты аналарға мүмкіндігінше қол ұшын созған, ауыл-аймақтардағы халыққа керек-жарақты жеткізіп берген "Нұр-Отан" партиясының өкілдері еді. Әсіресе "Жас-Отан" жастар қанатының жұмысы жемісті болды десек қателеспеспін. "Жас-Отан" белсенді жастарының Нұр-Сұлтан супермаркеттерінен қорап-қорап азық-түліктерді, аз қамтылған отбасыларға жеткізгеніне өзім куә болдым.

Оған қоса өткен Праймериз де еліміздегі демократия мен партияның реформаларының нәтижесі деп білемін. 29 жыл "Нұр-Отан" партиясына мүше болмаған адамдар партияға кірді. Яғни сенді. Яғни еліміздегі өмірді жақсартатын уақыт туғанына көздері жетті. Яғни Б.Байбек мырза айтқан реформалар өз жемісін берді.

Міне, осының барлығы елеусіз қалмады. Зиялы қауым өзгеріс лебін аңғарды. Халық көмекті сезінді. Халық көмектің бар екенін және партия өз кезегінде, қиын-қыстау заманда, халықты далада қалдырмайтынын көрсетті. Нәтижесінде, кез келген саналы азамат: "Кім маған көмектесті?" деген сұрақ қойғанда, жүрегінде "Нұр Отан" деген жауап пайда болады.

Сайлау ертелі кеш болатыны анық. Сол сайлауда әр адам өзінің ары мен өзінің саналы ойымен жеке қалып, дауыс берері хақ. Сол кезде әр қазақстандық тұрақтылық пен тұтастық үшін дауыс берсе деген тілегім бар. Айналамыздағы берекесі қашқан Қырғызстан мен оттай лаулаған Таулы Қарабақ, жерінен айырылған Украина мен ереуілге толы Беларусь елдерін көре отырып, бүгінгі тыныштық пен ашық аспанның қадірін түсінген абзал.

Жаратушы бүгінгі тыныштығымызды көп көрмесін.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді