Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да полицейлер мен құтқарушылар жоғалған саңырауқұлақ терушілерді іздеп тапты

ШҚО-да полицейлер мен құтқарушылар жоғалған саңырауқұлақ терушілерді іздеп тапты
Фото: ҚР ІІМ

ШҚО-да полицейлер мен құтқарушылар жоғалған саңырауқұлақ терушілерді іздеп тапты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

"112" қызметіне Риддер қаласының маңындағы "Березовая грива" орман алқабында адамдардың жоғалғаны туралы хабар түскен.

Белгілі болғандай, орманға саңырауқұлақ теруге барған үш адам — 62 және 41 жастағы екі әйел мен 9 жастағы қыз бала белгіленген уақытта туыстарымен кездесетін жерге оралмаған.

Оқиға орнына бірден полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінен құралған іздестіру тобы жіберілді. Жұмысқа жаяу топтар, арнайы автокөлік пен ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды.

Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде барлық азамат табылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады. Әйелдер мен бала туыстарына тапсырылды.

Полиция азаматтарға орманға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтауды, жолға шығар алдында бағытыңыз бен оралу уақытыңызды жақындарыңызға хабарлауды, көзге бірден түсетін ашық түсті киім киюді, толық қуатталған телефон, су және азық-түлік алу керек екенін ескертеді. Тек таныс жолмен жүріңіз, бейтаныс бағыттарға бармаңыз. Әсіресе балалармен жалғыз серуендеуден аулақ болыңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады