Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әскери шабандоздар «Аттар марафоны» конкурсына қатысу үшін аттарды таңдады

Тыва Республикасының (Ресей Федерациясы) «Кара Хаак» таудағы полигоны базасында «Аттар марафоны» конкурсына қатысу үшін аттарды таңдау бойынша командалардың жеребесі өтті.

Қазақстан, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан командаларының капитандары өз командаларына 10 негізгі және 3 қосалқы атты, сондай-ақ алдағы жарыстарға қатысатын түсті таңдады. Жеребе нәтижесі бойынша Қазақстан командасына жасыл түс берілді.


Командаларға таңдалған аттарды шабыста сынап көруге мүмкіндік берілді. Сержант Ерғұлан Омаровқа өзі таңдаған «Камаз» атты үйірбасын құрықтап міну үшін ептілік қажет болды.

– Мен конкурстың бүкілресейлік іріктеу кезеңінде «Камазды» бір ғана шабандоз құрықтап мініп, үлкен қашықтықта бірінші болып мәреге жеткенін білемін. Оның біздің командаға түсуі жақсылық нышаны. Біз қазірдің өзінде бір-бірімізге үйрендік. Ал бұл сайыста шабандоз бен тұлпар арасындағы байланыс үлкен роль атқарады, – деп өз пікірімен бөлісті әскери қызметші.

«Аттар марафоны» конкурсы 22 – 29 тамыз кезеңінде өтеді. Ол екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең барысында қатысушылар су бөгеттері мен мина кедергілерінен тұратын ұзақтығы 100 километрден асатын қашықтыққа шабады, аттар шолғынын қойып, суат басына түнейді, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жеткізеді. Екінші кезеңде қатысушылар кедергілер жолағынан өтіп, оқ атуды және граната лақтыруды орындайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты