Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандықтардың жартысынан азы ғана дабылды естиді. Бұған 10 миллиард теңге жұмсалған

Қазақстандықтардың жартысынан азы ғана дабылды естиді. Бұған 10 миллиард теңге жұмсалған
Фото: pixabay.com

Қазақстандықтардың 41,2 пайызы ғана жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар кезінде дабыл дыбысын естиді. Бұл ретте тиісті жүйелерді жаңғыртуға 10 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалған, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауаптағы мәлімет бойынша, бүгінде Қазақстанда 3578 дабыл-дыбыстау құрылғысы мен электр сиреналары бар. Ең көбі (843) Алматыда, ең азы (39) Абай облысында орнатылған.

2016-2023 жылдар аралығында, яғни жеті жылда ескерту жүйелерін жаңғыртуға 10 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалған. Оның 88,5 пайызы жергілікті бюджеттен, 11,5 пайызы республикалық бюджеттен бөлінген.

Айта кетейік, Астанада бір бөлмелі пәтердің орташа құны шамамен 18 миллион теңге болады. Осылайша, көрсетілген сомаға елордада 550-ден аса пәтер сатып алуға болар еді.

Төтенше жағдайлар министрлігінен көптеген қазақстандық оқу-жаттығу кезінде өз қаласында дабыл дыбысын неге естімейтінін сұрадық.

"Бүгінде республика бойынша халықты қамту 41,2 пайыз болып отыр. Бұл қалалар мен облыстардың барлық аудандары тиісті деңгейде хабардар ету құрылғыларымен қамтылмаған болуы мүмкін екенін білдіреді. Кейбір елді мекендер ескерту жүйелерімен жабдықталмаған, ал дабыл құрылғысы бар жерлерде олардың шалғай орналасуына байланысты бекітілген аумақта естілмейді", - деп жауап берді министрлік.

Бұл мәселені шешу үшін техника қажеттілігі тағы да қайта есептелген. Алайда министрлік бұл нені өзгерткенін нақтыламады. Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, тозығы жеткен техника мүмкіндігінше жаңартылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді