Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Меморгандардағы тексеріс: жүздеген миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар анықталған

Меморгандардағы тексеріс: жүздеген миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар анықталған
Фото: kazlenta.kz

Жоғары аудиторлық палатасы мен мемлекеттік аудит органдары тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын пайдаланудағы заңбұзушылықтарды анықтады. Жалпы сомасы 237 миллиард теңгеден асады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аудиторлар дерегіне сәйкес, былтыр қаржылық заңбұзушылықтардың ең көп көлемі әкімдіктердің республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ республикалық бағыныстағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінде пайдалану кезіндегі заңбұзушылықтар болған. Мұндай деректер бүгін Мәжілістің отырысында айтылды.

Министрліктер арасында заңбұзушылықтардың негізгі үлесі Қорғаныс (5,1 миллиард теңгеден аса), Индустрия және инфрақұрылымдық даму (2,9 миллиард теңгеден аса), Мәдениет және спорт (1,3 миллиард теңгеден аса), сондай-ақ Төтенше жағдайлар (1 миллиард теңгеден аса) министрлігіне тиесілі.

Жоғары аудиторлық палатасының төрайымы Наталья Годунованың айтуынша, тексеру шараларының нәтижесінде жиналған материалдардың бір бөлігі құқық қорғау органдарына берілген.

"Процессуалдық шешім қабылдау үшін барлығы 15 материал ұсынылды, 6 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, нәтижелері аяқталғаннан кейін белгілі болады. Екі материал уәкілетті органдарға қосымша тексеруге жіберілді, жетеуі бойынша өндіріс тоқтатылды", - деді Годунова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты