2021 жылғы 9 қаңтарда 20 сағат 5 минутта «101» пультіне 1977 жылы туған ер адам Юбилейное ауылында 17 сағат 30 минутта малды көру үшін жылқымен шығып, үйіне оралмағаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Ұялы телефоны өшірулі болды, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Іздестіру іс-шараларына екі топ шықты: Тереңкөл ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері УАЗ маркалы қызметтік автокөлікте 2 адам және Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің 2 қызметкері өзінің қызметтік көлігінде, сондай-ақ іздеуге «Сәрсенбинов» шаруа қожалығының қызметкерлері 10 адам және 5 бірлік техника тартылды.
20 сағат 15 минутта «Сәрсенбинов» шаруашылық қожалығының еріктілері бірлескен іздестіру іс-шаралары барысында ер адам облыстық маңызы бар Тереңкөл-Ивановка тас жолының 13 шақырымында табылды. Осыдан кейін Тереңкөл ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері құтқарылған азаматты аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізіп, медицина қызметінің қызметкерлерімен алғашқы көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 10 қаңтарда сағат 07-20-да Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне Екібастұз ауданы Шідерті кентінен 15 шақырым жерде 4 адам автокөлікпен қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. ТЖ департаментінің 2 қызметкері мен 1 бірлік «Трэкол» техникасы келген соң, 8 сорғы станциясының маңында қар құрсауында автокөлік қалып қойғаны анықталды. Ішінде 4 адам болған. ТЖ қызметкерлері Шідерті кентіне 2 адамды эвакуациялады, 2 адам эвакуациядан бас тартып, орнында қалды. Шідерті кентіне эвакуацияланған 2 адам Шідерті к. тиегішті жалдап, сол арқылы техниканы қар құрсауынан шығарды және өз жолын аман-есен жалғастырды.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті мұндай жағдайларды бодырмас үшін, дауылды ескерту алған кезде алыс жолға шықпаудан және елді мекендерден кетпеу керектігін хабарлайды. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз, онда сізге машинаның авариялық сигналдарын қосу керек және «112» құтқару қызметіне дереу хабарлау қажет. Өзіңізбен бірге күрек, сіріңке, фонарьды, шамды, дәнекерлейтін шамды, жылы заттар мен термосқа ыстық шай алу керек.
Қар құрсауында қалып қойған кезде, техниканың айналасын жиі қардан тазалау қажет. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!