«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Шымкентің бірқатар аудандарында тындырымды тірліктер атқарылуда. Президент жолдауында айтылған су тапшылығы мәселесін де жолға қою жағы қарастырылып жатыр.
Шаһардағы Тұран ауданында осы мақсатта нақты жоспарлар түзіліп, бүгінде шешімін тапқандары да аз емес. Мемлекеттік бюджет есебінен қаралған ауқымды жоспардың бірі- аудан көшелерін асфальттау және таза аауыз суға қол жетізу болатын. Тұран ауданы әкімі Боранбай Булатбековтың сөзінше, қазіргі таңда жергілікті жерде 39 көшені асфальттау көзделген болса, оның 38-інде жұмыс толығымен аяқталған.Қала берді, Құрсайдағы 43 көшенің 42-сіне, аудан аумағындағы 22,8 шақырымды құрайтын 58 көшеге шағал тас төселген.
Жыл басында ауданда су басу қаупі бар 48 нүкте анықталған екен. Биыл оның 41-іне арық салу жоспарланып, бүгінде 36 көшедегі жұмыстар аяқталған.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 балалар, 12 спорт алаңшасын орнату көзделіп, қазіргі таңда 14 балалар ойын алаңшасының, 8 спорт алаңының құрылысы аяқталған. Қалғаны жыл соңына дейін тәмәмдалады деп күтілуде. Мемлекет басшысы, ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселеге айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтыруда,-деп атап өткен болатын. Тұрандықтардың таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіші бүгінде 99 пайызды құрауда. Жыл соңына дейін Құрсайдағы құрылыс аяқталса аудан халқы толықтай таза су тұтынатын болады.