Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «құрметті жолшы» атағы 20 адамға тағайындалды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жоғары нәтижеге қол жеткізген автожол саласының өкілдерін «Құрметті жолшы» ведомстволық төсбелгісімен марапаттады, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Аталған атаққа мемлекеттік мейрам қарсаңында 20 жолшы лайықты деп танылды. Олардың бірі – «Қазақстанның автожолшылар қауымдастығының» атқарушы директоры Петр Давыденко. Ол аталған салаға ғұмырының 30 жылдан астамын арнаған. Марапатты ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сатжан Аблалиев пен қауымдастық президенті Бағлан Баймағамбетов табыстады. Бұдан бөлек, «құрметті жолшы»  атағы  түрлі өңірлік жол ұйымдарының қызметкерлеріне берілді.


Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық төсбелгісі еңбекте жоғары жетістікке жеткен, өзіне жүктелген міндеттерді адал және жауапкершілікпен орындайтын, бастамашыл және кәсіби, жас мамандарға тәлімгер бола алатын, жалпы жұмыс өтілі 10 және одан да көп жыл болатын автожол саласының қызметкерлеріне тағайындалады. Биыл осындай төсбелгі саланың 56 өкіліне берілді. Ал 2005 жылдан бастап Қазақстанда барлығы 861 адам «құрметті жолшы» атағына ие болған.  

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті