Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда шетелден сәлемдеме жеткізу үшін кеден алымы жойылды

Қазақстанда шетелден сәлемдеме жеткізу үшін кеден алымы жойылды
Фото: pixabay.com

Сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлер үшін жақсы жаңалық. «Атамекен» ҰКП мамандары төмен құнды (200 еуроға дейін) тауарларды ресімдегені үшін кедендік алымның нөлдік мөлшерлемесін белгілеуге қол жеткізді. Үкіметтің тиісті қаулысы тамызда қабылданды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Еске салсақ, жыл басынан бері көлік прокуратурасының нұсқамасы бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тауарларға декларация ретінде оңайлатылған тәртіппен берілетін әрбір тізбе мен өтініш үшін, яғни, бұрын ешқашан төленбеген нәрсе үшін 20 мың теңгеден кедендік алым төлеуге мәжбүр болды.

Осы жайт курьерлік компаниялардың төмен құнды жүгі бойынша барлық экспорттық-импорттық операцияларын тоқтатты және отандық интернет-дүкендердің жұмысына теріс әсер етті.

«Егер кедендік алымды бір декларация деңгейінде емес жеке жөнелтпе құжат саны бойынша төлейтін болса, онда алым мөлшері өседі. Мысалы, егер экспресс жеткізілімнің бір партиясында 500 жөнелтпе құжат болса, онда кеден алымы 20 мың теңге орнына 10 млн теңгені құрайтын болады. Бұл халықаралық стандарттарға қайшы. Сондықтан мәселені шешу үшін біз бірден бірнеше мемлекеттік органмен жиналыс өткіздік. Кездесуде мемлекеттік органдардың әрекеті заңсыз екенін дәлелдеп, Үкімет қаулысына өзгерістер енгізуді ұсындық.  Ұсынысымыздың ескерілгеніне қуаныштымыз. Енді курьерлік компаниялар мен интернет дүкендер алаңсыз жұмыс істей алады», – деді «Атамекен» ҰКП кедендік әкімшіліктендіру департаментінің директоры Дина Мамашева.

«DHL Express Қазақстан» бас директоры Евгений Багдашкинның айтуынша, курьерлік компания сәлемдемелерді шетелден жеткізу, соның ішінде интернет-дүкендер сияқты маңызды сегментте жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады.

«Кедендік талаптардың ашықтығы мен болжамдылығы экспресс-бизнес үшін аса маңызды. Өйткені бұл бизнес белгілі бір уақыт ішінде тұтынушыларға тауарларды жеткізуі керек. Біз Ұлттық палатаның көмегімен кедендік декларациялардың оңайлатылған формаларын ресімдеуде алымдарды төлеу туралы талап түріндегі кедергіні еңсере алғанымызға қуаныштымыз», – деп атап өтті спикер

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты