Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында ауыл әкімдері мен шенеунік жауапқа тартылды

Павлодар облысындағы әдеп жөніндегі кеңес Тереңкөл ауданында атқарылған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойған екі ауыл әкімін, сондай-ақ ауданның экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысын жауапқа тартты, деп хабарлайды kazlenta.kz Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап. 

Басылымның хабарлауынша, Павлодарда өткен әдеп жөніндегі кеңес отырысында Шарбақты аудандық экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы Равиль Гумаровтың ісі қаралған. "Есілбай ауылындағы клубтың құрылысына былтыр 130 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Мердігер мекеме жұмысты уақытында әрі талапқа сай орындамаса да, ақысы төленген", - деп жазады басылым. 

Осыдан кейін Тереңкөл ауданының екі ауыл әкімі - Бобровский ауылдық округінің әкімі Руслан Умаров пен Жағалау ауылдық округінің басшысы Ренат Құланбаев жауапқа тартылған. Олардың елдімекен ішіндегі жолдарды орташа жөндеу бойынша атқарылған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны, бірақ жұмыстың өзі аяқталмағаны анықталған. Басылым мәліметінше, бұл шенеуніктер мердігердің эскроу шотына бюджет ақшасын негізсіз аударған. Басқарма үш мемлекеттік қызметшіге де қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту беруді ұсынды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады