Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының бірқатар ауылдық округ пен ауылдың атауын өзгерту туралы шешімінің жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Шешім "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заңға және облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысына сәйкес шығарылып отыр.Әкімдік пен мәслихат ұсынып отырған атаулар:
Іле ауданының Энергетический ауылдық округі "Өтеген батыр" атауы;Іле ауданының Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылы "Байкент" ауылдық округі және "Байкент ауылы атауы;Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылы "Ақсай" ауылдық округі және "Ақсай" ауылы;Іле ауданы Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы "Кенен Әзірбаев" ауылы;Іле ауданы КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылы "Жайнақ" ауылы;Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы "Жібек жолы" ауылы.
Құжат жобасы порталда бүгін, 28 шілдеде пайда болды. Қоғамдық талқылау ағымдағы жылдың 11 тамызына дейін жалғаспақ.
29-07-2022, 11:12
Алматы облысында кейбір ауыл мен округтің атауы өзгереді
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз