Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ипотека — Қазақстандағы несие нарығының өсуі мен сапасының флагманы

Биылғы 1 қарашада экономикаға берілген несие 21,5 трлн теңгеге жетті, бұл былтырғыдан 24,9% көп, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Несие беру объектілері бойынша неғұрлым елеулі өсімді азаматтардың тұрғын үй салу және сатып алу сегменті, яғни ипотекалық сегмент көрсетті: бір жылда бірден 44,8% көбейіп, 4,6 трлн теңгеге жетті. Бір жыл бұрын экономикаға берілген барлық несиенің 18,4%-ын ипотека құраса, қазір оның үлесі 21,4%.

Одан кейін азаматтардың тұтынушылық қажеттіліктеріне арналған несиелер: мұнда портфельдің жылдық өсімі 25,2%-ды құрап, 7,3 трлн теңгені құрады, ал сегмент үлесі бір жылда несиенің жалпы көлемінің 33,9%-дан 34%-ға дейін өсті.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде кәсіпкерлерге айналым қаражатын толтыруға берілген несие 5,7% өсіп, 3,2 трлн теңгеге жетті. Сегмент несие нарығының 15%-ын алып жатыр, бір жыл бұрын 17,7% еді.

Негізгі қорды сатып сатып алуға берілген несие сегментінде жылдық динамиканың өсімі іс жүзінде байқалмады, ал басқа керісінше төмендеді: жаңа құрылыс пен жөндеуге берілген несие 7%, бағалы қағаздарды сатып алуға берілген несие 15% төмендеді.
Несие портфелінің сапасына келетін болсақ, жалпы экономикаға берілген несиелер бойынша мерзімі өткен несиелердің көлемі 649,7 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,3% көбейді. Алайда оның көлемі өскенімен, жалпы берілген несиелер ішіндегі оның үлесі төмендеді: 2021 жылғы 3,6%-дан биылғы 1 қарашада 3% болды.

Несие беру объектілері бойынша ипотекалық сегмент портфель өсімінің флагманы ғана емес, сонымен қатар сапа стандартына айналды. Біріншіден, несие нарығындағы мерзімі өткен несиелер көлемінің жалпы ұлғаюы аясында мұнда мерзімі өткен несиелер сомасы бір жылда бірден 22,4% азайып, небәрі 33,6 млрд теңгені құрады. Екіншіден, азаматтардың тұрғын үй құрылысы мен үй сатып алуына берілген несие портфеліндегі кешіктірудің көлемі бір жыл бұрынғы онсыз да елеусіз 1,4%-дың орнына биыл тіпті 0,7% болды.

Азаматтарға тұтынушылық несиелер сегментінде жағдай басқаша: мұндағы кешіктірілген төлем бір жыл ішінде 29,2% өсіп, 261,8 млрд теңгені құрады. Дегенмен, былтыр несие портфеліндегі оның үлесі 3,5% болса, биыл аз ғана көбейіп 3,6%-ды құрады, бұл соншалықты қауіпті көрсеткіш емес.

Айналым қаражатын толтыруға берілген несиелер сегментінде мерзімі өткен несиелер көлемі 10,6% азайып, 135 млрд теңге болды, ал портфельдің үлесі бір жыл бұрынғы 5%-дан биыл 4,2%-ға дейін төмендеді.

Жалпы, 2016 жылдан бері өсіп келе жатқан ипотекалық несие секторының көрсеткіштері мен салмағы 2017 жылдан бастап айтарлықтай қарқын алды. Осы және басқа сегменттердің көпжылдық динамиканы мына жерден көруге болады.
Ипотекалық несие сапасының жағдайын ҚР ЕДБ көрсеткіштері арқылы айқын көрсетуге болады. Еске салайық, бүгінде Қазақстанда тұрғын үй несиесі мен тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіне маманданған бір қаржы институты — Отбасы банкі бар. Дәл осы банк ҚР-ның барлық ЕДБ арасында ең таза және сапалы несие қоржынына ие.

Отбасы банкінің мерзімі өткен несиелерінің үлесі биылғы 1 қарашаға дейін небәрі 1,6%-ды құрады. Бұл ретте, мерзімі 90 күннен асатын «ұзақ» кешіктірілген төлемдері бар ең «нашар» несиелердің үлесі (NPL 90+) банк портфелінің 0,08%-ын ғана құрайды.

Салыстыру үшін: жеке тұлғалармен көп және тығыз жұмыс істейтін банк секторындағы портфель сапасы бойынша келесі ірі қазақстандық банк — Bank RBK. Мұнда мерзімі өткен несиелердің үлесі банктің несие портфелінің 4,2%-ын, ал NPL90+ 3,2%-ын құрады және бұл өте жақсы көрсеткіштер. Одан кейінгі орында Halyk Bank несиелерінің 4,8%-ы кешіктірілген, ал NPL 90+ көрсеткіші 2,3%, бұл да жақсы көрсеткіштер. Дегенмен, Отбасы банкімен салыстырғанда айырмашылық көп.

Қазіргі уақытта азаматтардың тұрғын үй құрылысы мен үй сатып алуына арналған ипотекалық несиелер тек несие нарығының қозғаушы күші ғана емес, сонымен сапалы несиелеудің үлгісі екені байқалады. Ал ипотеканың үй құрылысы мен ҚР экономикасының осыған қатысты барлық салаларын дамытушы фактор екені өз алдына.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
39 комментариев
References: MiFinity casino video poker Australia http://gm6699.com/home.php?mod=space&uid=3369394
  • Isidro
  • 22-10-2026, 13:15
  • : 13:15
References: Play real money casino neosurf australia nielsen-geertsen.federatedjournals.com
  • Clint
  • 22-10-2026, 15:07
  • : 15:07
References: Australian bank casino transfer https://davenport-kline.mdwrite.net/
  • Willis
  • 22-10-2026, 20:40
  • : 20:40
References: Best australian wire transfer casinos legit wire transfer casinos australia
References: Bank transfer gambling Australia http://maskarad.bomba-piter.ru/user/childclutch80/
References: Legit wire transfer casinos australia wire transfer casino welcome bonus
References: Wire transfer casino minimum deposit Australia neolatinswiki.site
  • Wallace
  • 23-10-2026, 14:56
  • : 14:56
References: Wire transfer online casino sites Australia casino wire transfer guide australia
  • Leta
  • 23-10-2026, 20:17
  • : 20:17
References: Top payid pokies australia highest paying payid pokies australia
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды