Жм, 02 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан жеке меншік компанияға айыппұл салынды

Ақтөбе облысында рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан жеке меншік компанияға айыппұл салынды
Фото: pixabay.com

Көлік полицейлері жеке меншік компанияға рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін айыппұл салды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Заңсыз келуші – 2023” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Ақтөбе облысының Әйтеке би станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері теміржол вокзалының ғимаратында едендік плиткаларды төсеумен айналысқан Өзбекстан Республикасының үш азаматын анықтады. Құжаттарын тексеру кезінде шетелдіктердің өз жұмыстарын заңсыз жүзеге асырғаны анықталды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Әйтеке би аудандық сотына жолданды. Сот шешімімен шетелдік құқық бұзушыларға қатысты әрқайсысына бір тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін көлік полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 100 АЕК (345 000 тг) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 823 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 192-сі елден тысқары шығарылды. Сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау жөніндегі заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстанның 177 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті