Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-ның 18 тұрғыны ЖҚЕ бұзғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылды

ШҚО-ның 18 тұрғыны ЖҚЕ бұзғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылды
Фото: polisia.kz

ШҚО-ның 18 тұрғыны ЖҚЕ бұзғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шараларға қарамастан, көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі қағидаларын бұзуға жол беруді жалғастыруда. Олардың негізгілері, әрине, жылдамдық режимін, маневр жасау ережелерін бұзу, таңбалауды сақтау, қарсы жолаққа шығу болып қала береді. Талдау көрсеткендей, шілде айының соңғы 10 күнінде облыстың 18 жүргізушісі жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығуы бойынша ережені бұзған.

Мысалы, 10 шілде күні таңертең сағат 05.00 шамасында Mazda автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Қазақстан көшесі бойымен Мызы көшесіне қарай қарама-қарсы бағытта жүрген. 13 шілдеде Назарбаев даңғылында Kia көлігінің 33 жастағы жүргізушісі, 15 шілдеде ВАЗ автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі Назарбаев – Стахановская көшелерінің қиылысында қарсы бағытта жүрген.

Аталған бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бұл алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. Аталған фактілердің барлығы жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібінің өте төмен екендігін көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты