Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарулы күштерге жаңартылған оқу-жауынгерлік ұшақтары жеткізілді

Қарулы күштерге жаңартылған оқу-жауынгерлік ұшақтары жеткізілді
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің Балқаш қаласындағы оқу-авиациялық орталығына L-39 оқу-жауынгерлік ұшақтарының кезекті легі келді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шарты бойынша бұлар өткен жылдың соңында Чехияда шығарылған зауытқа жіберілген болатын. Ол жерде күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілген ұшақтарға жаңа цифрлық авионика, катапультация жүйесі, байланыс және объективті бақылау құралдары орнатылды.

L-39 ұшақтары курсанттарды пилоттау техникасына, жауынгерлік қолдану элементтеріне, оқу орындары мен әскери бөлімдердің ұшу құрамын күндіз де, түнде де қарапайым және күрделі ауа-райы жағдайында жаттықтыруға арналған.

Тәжірибелі нұсқаушы ұшқыштар курсанттарға оқу-жауынгерлік ұшағын басқару машығын меңгеруге көмектесіп жатыр.

– L-39 ұшағымен ұшу – мамандық негіздерін түсінудің алғашқы қадамы. Әрбір курсант үшін дербес ұшу – маңызды оқиға, одан кейін қарапайым және күрделі пилотажға, бағыт бойынша, бұлттарда, төмен биіктікте ұшуға, құрлықтағы және әуедегі нысаналарға жауынгерлік қолдануға рұқсат етіледі, – деді оқу-авиациялық орталығы командирінің орынбасары подполковник Мақсат Буратаев.

Реактивті жауынгерлік ұшағының кейбір модификациялары жеңіл шабуылдаушы ұшақтар мен жойғыштар ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін айта кеткен жөн. Ұшақтың реактивті қозғалтқышы 6500 м биіктікте жылдамдығын сағатына 760 шақырымға дейін арттыра алады.

Жауынгерлік көліктің қару-жарақ құрамына бомбалаушы, басқарылмайтын және басқарылатын зымырандық оқу қаруы, көздеу және фотобақылау жабдықтары кіреді. Бұның бәрі нысананы 50-100 келі калибрлі еркін құлайтын оқ-дәрілермен бомбалауды, С-5 типтегі басқарылмайтын зымырандармен нысананы атуды, басқарылатын зымырандарды әуе нысаналарына жіберуді орындауға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты