Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның бітімгершілері Украина мен Ресей шекарасына жіберілуі мүмкін бе

Қазақстанның бітімгершілері Украина мен Ресей шекарасына жіберілуі мүмкін бе
Фото: pixabay.com

Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Украинадағы шиеленіс аумағына ҰҚШҰ аясында қазақстандық бітімгерлерді жіберу ескерілмегенін айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 
Бүгін Мәжілістегі баспасөз мәслихатында тілшілер министрдің орынбасарынан Қазақстанның бітімгершілерін Украина мен Ресей шекарасына жіберу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.
 
Өз кезегінде С. Қамалетдинов мұндай шешім қабылдаудың реті жоқ екенін айтты.
 

«Мұндай тәуекелдер жоқ. Бұл тұрғыда мемлекеттің ерікті негізде қатысуы ескерілген. Екіншіден, әскери контингентті мемлекеттен тыс жерге бағыттаған кезде, бұл шешімді алдымен Парламент мақұлдауы тиіс», - деді Сұлтан Қамалетдинов тілшілер сұрағына жауап бере отырып.


 
Осы ретте ол бұл мәселеге қатысты шешім Парламенттің құзыретінде екенін, сондықтан Қорғаныс министрлігі бітімгерлерді бағыттауға қатысты өз еркімен бұйрық шығармайтынын айтты.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр күзде Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресей-Украина жанжалы аймағына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) қатысуы күн тәртібінде тұрмағанын мәлімдеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды