Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордалық тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі мен қару табылды

Қызылордалық тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі мен қару табылды
Фото: polisia.kz

Қызылордалық тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі мен қару табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен және ҚР ІІМ Ұлттық ұланның “Бүркіт” АЖ бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 29 жастағы тұрғынының үйін тексеру барысында есірткі мен тапанша табылды.

Қала тұрғынының үйінен 4 сіріңке қорабына, 1 полиэтилен пакетке салынған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп, 100 шағын пластик ыдысқа салынған сора өсімдігінің тұқымы және 11 оғы бар травматикалық тапанша, сондай-ақ кастет табылды. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген шөп тәріздес зат салмағы 1 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты. Сонымен қатар тәркіленген травматикалық тапаншаның атуға жарамды екендігі белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және 287-бабының 2-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүрусотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді