Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ролан Гаррос: Рыбакинаның алғашқы матчтағы қарсыласы мәлім болды

Ролан Гаррос: Рыбакинаның алғашқы матчтағы қарсыласы мәлім болды
Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы ("Ролан Гаррос-2023") алғашқы кездесуінде чехиялық теннисші Бренда Фругвиртовамен ойнайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сіілтеме жасап.

Бренда Фругвиртова WTA рейтингінде 146-орында тұр. Айтпақшы, теннисші небәрі 16 жаста.

Матч ертең, 28 мамырға жоспарланған.

Ал тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бірінші раундта бельгиялық Марина Заневскаямен ойнайды. Юлия Путинцева мұның алдында Рабаттағы (Марокко) турнирдің ширек финалында аргентиналық теннисші Хулия Риерадан жеңілген еді.

Сонымен бірге ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтің де алғашқы матчтағы қарсыласы белгілі болды. Ол италиялық теннисші Джулио Зеппьеримен ойнайтын болды.

Ал Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов алғаш рет теннистен 2023 жылғы Франциядағы ашық чемпионаттың негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Ол кеше, 26 мамырда іріктеу кезеңінің финалында бразилиялық Фелипе Мелиген Альвесті жеңді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды