Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда кішкентай қыздарды көлік қағып, біреуі оқиға орнында қаза болды

Ақтауда жолдан өтіп бара жатқан екі қыз баланы көлік қағып, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 13:15 шамасында 31А және 31Б ықшам аудандарының арасында болған. Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен жолды кесіп өтіп бара жатқанда 5-6 жас шамасындағы екі қыз баланы Nissan X-Terra көлігінің жүргізушісі қағып кеткен.

Олардың қасында қыздардың бірінің анасы болған. "Аталған факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сот алды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты айтылмайды", - делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында. Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, қыз балалардың бірінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

"Жедел жәрдем көлігі балаларды бізге алып келді. Өкінішке қарай, 2017 жылы туған қыз бала алған ауыр жарақаттан көз жұмды. Жасы шамалас екінші қыз бала жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда", - деп хабарлады облыстық балалар ауруханасынан. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді
Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті