Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Қазақстан-Франция экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының XV отырысы өтті

Астанада Қазақстан-Франция экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының XV отырысы өтті
Фото: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Франция Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық әрі стратегиялық серіктестерінің бірі саналатынын, сондай-ақ елімізге инвестиция салған 5 ірі инвестордың қатарына кіреді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бұл іс-шара ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев пен Францияның Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегаты, Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бешттің бастамасымен өткізіліп отыр.

«Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Франция Республикасына жасаған іссапары екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін бергенін айта кеткен жөн. Мәселен, осы уақытқа дейін Франция Қазақстанға 18 млрд доллардан аса қаражатқа инвестиция салған. 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 30%-ға өсіп, 4 млрд долларға жетті. Тұтастай алғанда, республика аумағында франциялық бизнестің қатысуымен 180-нен астам кәсіпорын жұмыс істеп келеді», деді Марат Кәрімжанұлы.

15-ші мәрте ұйымдастырылған үкіметаралық отырыста тараптар қазіргі экономикалық ахуалды, оның ішінде ауыл шаруашылығы, цифрландыру, денсаулық сақтау, энергетика, өнеркәсіп және көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Аталған отырыстың қорытындысы бойынша 6 құжатқа қол қойылды. Соған  сәйкес бірлескен коммюникеге, BRGM компаниясы мен ҚР ИИДМ Геология комитеті арасында геологиялық зерттеулер саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен C3Médical компаниясы арасында телемедицина мәселелеріне байланысты уағдаластыққа, Назарбаев Университеті мен Alstom, AirLiquide компаниялары арасында әріптестік бойынша өзара түсіністік жөніндегі келісімшартқа, сондай-ақ жаңғырмалы энергия көздерін дамыту бойынша AirLiquide Munay Tech Games мен KunTech арасында ұзақмерзімді келісімге қол жеткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты