Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz.
2 мамыр күні Президент Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегат, Қазақстан-Франция Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештті қабылдайды.Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр қараша айында Францияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.
3 мамырда Мемлекет басшысы ФИФА президенті Джанни Инфантиноны қабылдайды.
3-4 мамырда Астанаға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мемлекеттік сапармен келеді.Екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды.
5 мамырда Президент – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бүкілармиялық кеңес өтеді.Жиын барысында әскери саланы дамытуға және әскер дайындығына, сондай-ақ Қазақстан армиясын технологиялық тұрғыда жаңғыртуға қатысты мәселелер қарастырылады.