Сс, 29 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түрік компаниясы Көкшетауда жылу электр станциясын салмақ

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Түркияның "Гап Иншаат" компаниясы бас директорының міндетін атқарушы Ченгель Азиз Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады, деп хабарлайды үкіметтің ресми сайты. 

Кездесу барысында Ченгель Азиз компания республикадағы инвестицияларын кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, Көкшетау қаласында ЖЭО салу жобасының болашағы зор.  Ал еліміздің премьер-министрі Түркия республикасы Қазақстан үшін маңызды стратегиялық серіктес екенін, сондықтан үкімет өзара тиімді жаңа жобаларды іске асыруды қолдайтынын атап өтті.  Бұл ретте Әлихан Смайылов Энергетика министрлігі Көкшетауда ЖЭО салу жобасы бойынша ашықтық пен бәсекелестік қағидаттарымен ашық тендер өткізетінін, оған барлық әлеуетті инвесторлар қатыса алатынын жеткізді.

Өз кезегінде Ченгель Азиз тендерге қатысуға дайын екенін мәлімдеді.  Әзірленген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, Көкшетаудағы жаңа ЖЭО-ның электр қуаты 240 МВт, жылу қуаты – 520 Гкал/сағ. Жобаны қаржыландыру тендерде жеңіп шыққан инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады деп күтілуде. Үкіметтің ресми сайтында сондай-ақ "Гап Иншаат" компаниясы 1996 жылы құрылғаны хабарланған. Оның бас кеңсесі Стамбулда орналасқан. Компания түрлі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Қазіргі уақытта "Гап Иншаат" Түркия, Түрікменстан, Ирак, Катар, Сауд Арабиясы және т. б. елдерде ірі жобаларды жүргізуде. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты