Президентіміз Алматы қаласында бірегей тарихи келбетті сақтауға, саябақ аймақтарын ұлғайтуға және заңсыз құрылыс салуды қысқартуға ерекше назар аударуда.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша Антикоррупциялық қызмет Алматы әкімдігімен бірлесіп тау бөктеріндегі аудандарда жер бөлу және құрылыс салу мәселелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуде, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Алдын-ала зерттеу құрылыстың барлық кезеңдерінде тәуекелдердің болуын көрсетеді.Бұл жерді бөлу кезінде шенеуніктердің заңсыз әрекеттеріне әкеледі. Нәтижесінде функционалды аймақтар мен нысаналы мақсатта өзгереді, кадастрлық құн толығымен төленбейді.
Сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды.
Мысалы, 2017 жылдан бастап жаппай демалуға және туризмге арналған рекреациялық аймақтан тұрғын аймаққа 286гектарға жуық жер аударылды.Бұл өзгерістер экологтардың, СЭС пен өрт сөндірушілердің келісімінсіз жүзеге асырылды. Қоғамдық тыңдаулар өткізілмеді.
Сонымен бірге, қолданыстағы Бас жоспар 2011жылы өзектілігін жойды, ал жаңасы әлі бекітілмеген.Сонымен қатар, төтенше жағдай қызметінің деректері бойынша тасқын, көшкін және сел қаупі аймағында 5 000-ға жуық нысан бар. Оларда 26 мың адам тұрады.Мысалы, Набережная көшесінде тік беткейдің астында сары топырақтарында 12 тұрғын үй салынған.
Соңғы екі жылда ландшафтты заңсыз өзгертудің 26 фактісі анықталды.Үлгі ретінде, Наурызбай ауданының тау бөктеріндегі учаскелердің бірінің иесі рұқсат құжатсыз тауды кесіп тастады.Мамандардың қорытындысы бойынша кесілген топырақтың көлемі 100 мың текше метрді құрады.Бұл жерлер сату мақсатында 50 тәуелсіз учаскеге бөлінген.
Жердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесінің ашықтығы мен бақылаудың болмауы сыбайлас жемқорлық практикасына алып келеді.Алдымен Бас жоспарға сәйкес келмеу және сейсмикалық және су қорғау аймақтарында болу сылтауымен бас тартады. Кейінірек сол учаскелер бойынша өзгертуге келісім беріледі.Осындай 900-ден астам факт анықталды.
Мысалы, қала тұрғынына учаскелердің нысаналы мақсатын өзгертуге бас тартылып, бірақ біраз уақыттан кейін оларға рұқсат берілді. Бұл ретте оның учаскелерінің бірі әкімдіктің лауазымды тұлғасының туысына аударылған.Осы процестерге бақылаудың болмауы бюджетке тиісті төлемдердің түспеуіне әкеп соғады.Соңғы үш жылда алдын ала деректер бойынша нысаналы мақсаты өзгерген кезде кадастрлық құн айырмасы үшін 500 млн теңгеден астам төленбеген.
Сонымен қатар, тектоникалық үзілім аймақтарында жерлер шығарылды. Осылайша, жеке компанияның бірі аукцион өткізбестен медициналық орталық салу үшін инвестициялық жоба түріндегі Қазақфильм ауданында жер учаскесін жалға алды. Кейін аяқталмаған нысан пайдалануға берілді.
Алматы тұрғындары арасында тау бөктеріндегі аймақтың құрылысы ерекше резонанс туғызады.Рұқсат құжаттарын беру және келісу кезінде сыбайлас жемқорлық факторлары бар екені анықталды.Сәулет органдары жеке үй құрылысының эскизін бекіткенімен, іс жүзінде көппәтерлі тұрғын үй кешені салынады.Бұл үйлерді суға және жылуға қосу үшін қолда бар техникалық шарттар да ескерілмейді. Мектептер, балабақшалар, емханалар, жолдар жоқ.Үйлердің қабаттылығы, зираттардан санитарлық-қорғау аймағын қамтамасыз ету бойынша талаптар бұзылады.Құрылыс салушылар бекітілген эскиздерді бұза отырып, іргелес аумақ: тротуарлар, серуендеу аймақтары және балалар алаңдары есебінен салынып жатқан тұрғын үй алаңын ұлғайтады.
Аталған бұзушылықтар бойынша қылмыстық істер тергелуде. Олардың шеңберінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралатын болады. Талдау жалғасуда. Оның түпкілікті нәтижелері бойынша атқарушы және уәкілетті органдардың атына тиісті ұсынымдар енгізілетін болады.