Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырау облысында қоршаған ортаны бүлдіргендерге 306 млн теңге айыппұл салынды

Атырау облысында қоршаған ортаны бүлдіргендерге 306 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚазАқпаратқа сілтеп.

Атырау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, былтыр табиғат пайдаланушыларға қатысты 121 бақылау жүргізілген.

«Бақылау нәтижесінде экология заңнамасының талаптарын бұзған 241 дерек анықталды. Заң бұзушыларға қатысты 230 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 306 635 466,73 теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды. Қазір жалпы сомасы 14 102 722,23 теңгенің 8 әкімшілік істің орындалу мерзімі өткен жоқ. Ал, 107 957 847 теңгенің 7 әкімшілік ісі сот орындаушыларының өндірісінде қаралып жатыр. Бір әкімшілік іс қысқартылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Экологиялық заңнама талаптарын бұзуға жол берген 8 табиғат пайдаланушы объектілерінің шаруашылық қызметін тоқтата тұру туралы сот шешімдері шығарылды. Оның ішінде міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтіп, рұқсат алғанға дейін «Жылыой Тазалық» ЖШС-нің қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын пайдалануға тыйым салу, Жылыой ауданының Құлсары қаласы мен Жаңа Қаратон кентіндегі буландыру алаңдарына (жер бедеріне) «Жылыойсу» МКК ағызатын сарқынды суларды мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысынсыз, экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ алдын ала тазартусыз ағызуды тоқтату туралы сот шешімі бар.
«Экологиялық рұқсат беру құжаттарын алғанға дейін «Олжа» АҚ-ның өндірістік аймақта орналасқан автоцистернаның газ құю қондырғысы арқылы эмиссияны жүзеге асыруды тоқтату, Жарсуат, Есбол, Көктоғай, Индербор, Елтай ауылдық округінің экологиялық рұқсат құжаттарын алғанға дейін қоқыс полигонын пайдалануды тоқтата тұру туралы талап-арыздар қанағаттандырылды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді