Бүгінге дейін жалпы сомасы 190 988 725 теңге болатын 1016 әкімшілік айыппұл өтелді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Нұр-Сұлтанда өткен жылдың екінші жартыжылдығында мониторинг топтары карантиндік шараларды сақтау бойынша 5000-нан астам рейд жүргізді. Мысалы, 2020 жылдың 9 қазанынан бастап осы жылдың 17 қаңтарына дейін аралау барысында 1309 бұзушылық анықталды. Оның ішінде: Алматы ауданы бойынша – 347, Байқоңыр ауданы бойынша — 273, Есіл ауданы бойынша — 398, Сарыарқа ауданы бойынша — 291.
Айта кету керек, карантин режимін қасақана бұзушыларға қатысты материалдар сотқа жіберіледі.
Осылайша, елордалық әкімшілік соттың шешімімен бірқатар мекеменің қызметі тоқтатылды.
Бұған дейін аталған ШОБ субъектілеріне карантиндік талаптарды сақтау жөнінде ескерту жасалған болатын. Егер жұмысын тоқтату туралы сот шешімі орындалмаған жағдайда мекеме басшылары әкімшілік қамауға алынады. Қазіргі уақытта карантиндік шараларды бұзғаны үшін қоғамдық мекемелерге қатысты тағы 12 материал сот қарауында жатыр.
Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне карантинді бұзуға жол берген тұлғаларға қатысты 2 484 материал келіп түсті, олар бойынша 1224 жеке, лауазымды және заңды тұлғалар жалпы сомасы 239 633 450 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі күні 190 988 725 теңгеге 1016 әкімшілік айыппұл өтелді.