Қазақстанда ҚР ҚК 217-бабы «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бойынша қозғалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстық істердің саны азайып келеді. 2020-2021 жылдардағы жоғары көрсеткіштермен салыстырғанда біртіндеп қазақстандықтардың ақша инвестициялауға үгіттейтін алаяқтар туралы полицияға арыздануы азайған. Алайда инвестициялық пирамидалардың кесірінен қазақстандықтардың шеккен зияны 2022 жылы әлі де болса жоғары деңгейде қалып отыр, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz
Соңғы бес жылдағы Қазақстандағы инвестициялық пирамидалар бойынша қылмыстық істердің статистикасы экономикалық дағдарыс кезіндегі көріністің классикалық көрінісін көрсетеді. 2019 жылы қаржы пирамидаларын жасаушыларға қатысты қозғалған қылмыстық істердің саны салыстырмалы түрде аз болды, ал пандемияның бірінші жылында ол бірден жеті есе, яғни 24-тен 180-ге дейін өсті. 2020 жылы келген шығын көлемі үш есеге — 1,59 млрд теңгеден 6,17 млрд теңгеге дейін өсті. Дағдарыс кезінде халық девальвация мен инфляцияға ұрынып қалмауы үшін қаражаттарын инвестициялау мүмкіндігін іздеді.
2021 жыл Қазақстандағы қаржы пирамидаларын жасаушылардың гүлденген кезеңі болды. Олар желілерді мегаполистерден аймақтарға тарата бастады. Жаңадан ашылған қылмыстық істердің саны біршама азайды (6,1% төмендеді), бірақ келтірілген зиян бірнеше есе, 33,34 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл Қылмыстық кодексте қаржылық пирамидалар туралы 217-бап енгізілген 2015 жылдан бергі ҚР Бас прокуратурасы статистикасыныңы жүргізген кезеңдегі рекордтық сома.
2022 жылы салымшылардың ақшасына қатысты қаржылық қылмыстар біршама азайды — қаңтар–қарашада 127 іс тіркелді. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,8% азайған. Зардап шеккендер саны 1,2 мыңнан 625 адамға дейін азайған. Маңызды ескерту: статистика полицияға арыз жазған жәбірленушілерді ғана ескереді.
Келтірілген шығынға келсек, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар–қараша айларында қазақстандық Мавродилерден зардап шеккендер алаяқтарға 8,11 млрд теңге берген. Шығындар өтелмейді деуге болады — өтемақы шығынның небәрі 4%-ын немесе 325 млн теңгені құрады.
Айтпақшы, Қазақстанда «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша өтеу пайызы өткен жылдары да өте төмен болды. Жоғалған ақшаны қайтару мүмкіндігі өте аз екенін деректер растайды: 2019–2021 жылдары өтелген сома 1%-дан аз болса, 2018 жылы — 1,07%-ды құрады.
Тергеушілер қаралған қылмыстық істердің жалпы саны айтарлықтай қысқарды: өткен жылдан қалған істерді қосқандағы саны — 230. 2021 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 362 болған. Бұл 2021 жылдың қаңтар–қараша айларында соңғы сатысына жеткен қылмыстық істердің үлесі өте жоғары (75,7%) болғанымен байланысты. Олар не сотқа жіберілді, не әртүрлі себептермен тоқтатылды.
Қаржы пирамидаларының гүлденген кезінде олар белсенді түрде әшкереленді және қуғындалды. Сәйкесінше, 2022 жылы тергеушілер қарап жатқан істердің бір бөлігі 2021 жылдан қалған.
2022 жылдың есепті кезеңінде сотта қаралған қылмыстық істердің саны бір жыл бұрынғыдан екі есеге аз болды: 92-нің орнына 229. Олардың кейбіреулері өткен жылдардағы атышулы оқиғалардың жалғасы. Мәселен, 30 желтоқсанда Астана қаласы Сарыарқа аудандық № 2 сотының судьясы автобизнеске пирамида салған Алматы мен Астанадағы автосалондар желісінің бес қызметкеріне қатысты үкім шығарды. Олар көліктерді аукционда нарық бағасынан төмен бағаға сатқан-мыс. Мұндай көлікті алу үшін алдын ала толық төлем жасап, бір жарым ай күту керек болды. 2019 жылдың наурызынан 2021 жылдың қазанына дейін жалған салондар 300-ден астам жәбірленушіден 7,5 млрд теңге алды. Жарна бір адамға 1 млн-нан 660 млн теңгеге дейін болды. Келтірілген шығын еш қайтарылмады. Пирамида ұзаққа созылды, өйткені бастапқы кезеңде ұйымдастырушылар өз міндеттемелерін орындап отырған. Көлікті сатудың құжаттары заңды түрде сауатты, кепілдік міндеттемелерімен рәсімделіп, адамдар соған сенген. Клиенттердің шағымдары түскен бетте фирма жабылып, бизнес жаңа атаумен және кеңсемен ары қарай жұмыс істей берген.
Сот шешімі мәліметтеріне сай (редакцияда бар), Mega-General Company, Mega-General Co, NurAutoKz, «Nur-Ai» ЖК директорлары мен менеджерлері Жасұлан Тасполатов, Әсел Құжабаева, Павел Прахов, Берік Нұрманов пен Данияр Сайран ҚР ҚК 217-бабының бірнеше тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, оларға 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Басты күдіктілер — пирамиданың негізін салушылар Ералы Мұқанов пен Ағабек С.-ға қатысты істер жеке өндіріске берілді. Ералы Мұқановты полицей қамауға алып, сотқа берді (процесс әлі аяқталған жоқ). Күдікті Ағабек С. іздестірілуде. Компанияның бұрынғы қызметкерлерінің сот отырыстарында айтқан айғақтарына қарағанда, Ағабек С. Доминикан Республикасында қашып жүр.
Алаяқтардың айла-амалына түсетін ықтимал құрбандардың санын азайту мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) бірнеше жылдан бері инвестициялық пирамидаларды насихаттауға қарсы белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Агенттіктің жаңа құралдарының ішінде қаржы адам ақша салғысы келетін компаниядан пирамидасының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін телеграм бот бар. Сонымен қатар, мұндай бұзушылықтарға кінәлі деп танылған барлық фирмалардың тізімін ҚНРДА веб-сайтынан табуға болады. Қазір тізімде 222 компания тұр.