Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Вьетнам президенті Нгуен Суан Фук отставкаға кетті

Вьетнам президенті Нгуен Суан Фук қызметінен кететінін мәлімдеді, артынша елдің Коммунистік партиясының орталық комитеті оның отставкасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kazlenta.kz.


Вьетнамдағы билік жүйесінде компартияның бас хатшысы үлкен билікке ие, дегенмен президенттің де бірқатар өкілеттілігі бар. Сарапшылар пікірінше, Нгуен Суан Фуктың қызметінен кетуі Вьетнамның басқарушы билігінде күштердің орналасу тәртібін өзгертуі ықтимал.
Өткен апталарда Президент отставкасы туралы көп қауесет тарады. Нгуен Суан Фук ел үкіметін басқарған уақытта жұмыс істеген премьер-министрдің екі орынбасары орнынан кеткеннен кейін, Н. Суан Фук көп ұзамай өз отставкасы туралы мәлімдеме жасады. Бұдан бөлек екі министр мен үкіметтегі өзге бірқатар шенеунікке қылмыстық айып тағылды.
Қазір Вьетнам Коммунистік партиясында жемқорлыққа қарсы күрес науқаны жүріп жатыр, оны қатаң тәртіп жақтастары өткізуде. Жүздеген вьетнамдық коммунист тергеуге алынды.
Енді Президенттің отставкасын елдің Ұлттық жиыны мақұлдауы керек, олар осы мәселеге байланысты сәрсенбі күні кезектен тыс дауыс беру өткізеді. Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, бұл тек ресми рәсім ғана.
69 жастағы Нгуен Суан Фук 2016 - 2021 жылдар аралығында премьер-министр қызметінде болды. 2021 жылдың сәуірінде ел президенттігіне сайланды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді