Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Вьетнамға жұмыс сапарымен барады

Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Вьетнам социалистік республикасына ресми сапармен келді. Сапар барысында министр Вьетнам президентімен кездесті. Жиын барысында бірқатар мәселе талқыланды. Олардың қатарында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға сапары бар, деп жазады Сыртқы істер министрлігі.

Сыртқы істер министрінің бұл елге сапары екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері 30 жыл ішінде алғаш рет болып отыр. Ханойға сапардың ресми бөлігі Хо Ши Мин кесенесіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Сапардың мақсаты - соңғы онжылдықтар ішінде әлемдегі ең жоғары экономикалық даму қарқынымен ерекшеленетін дәстүрлі достас елмен серіктестік қатынастарды одан әрі дамыту.

Мұхтар Тілеуберді ВСР Сыртқы істер министрі Буй Тхань Шонмен келіссөздер өткізіп, оның барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын талқылады. Тараптар екі елдің көпжоспарлы ынтымақтастығына жаңа серпін беруге, перспективада біртіндеп артықшылықты экономикалық әріптестік деңгейіне шығуға ниет білдірді. Вьетнам қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін АӨСШК саммитіне жоғары деңгейде қатысатынын растады.

Вьетнам тарапы қазақстандық делегацияның сапарына ерекше мән беріп, оған мемлекеттің жоғары басшылары - президент Нгуен Суан Фукпен және премьер-министр Фам Бинь Тиньмен кездесу мүмкіндігін берді. Вьетнам президентімен кездесуде СІМ басшысы Вьетнамда жүргізіліп жатқан реформалардың қарқыны мен сапасын жоғары бағалап, сұхбаттасын Қазақстанды жаңғыртудың жаңа кезеңінің мазмұнымен таныстырды. Екі ел арасындағы саяси ынтымақтастықтың даму динамикасын ескере отырып, Мұхтар Тілеуберді жоғары деңгейдегі екіжақты байланыстардың жандануын жақтады.

Сұхбат барысында президент Нгуен Суан Фук президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға алдағы ресми сапарын мазмұнды толықтыру жөнінде тапсырма берді. Вьетнам премьер-министрімен кездесу екіжақты қарым-қатынастардың экономикалық күн тәртібіне арналды. Тараптар өзара сауда мен инвестициялардың өсуіне, экономиканың түрлі секторларында кооперацияны дамытуға бағытталған мақсатты күш-жігердің қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, Мұхтар Тілеуберді Өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Диенмен келіссөздер жүргізді, онда қыркүйекте Ханой қаласында өтетін алдағы Үкіметаралық комиссия отырысының тақырыбы талқыланды. Қазақстан делегациясының құрамында болған "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Вьетнамның Қаржы министрлігінің, Вьетнамның даму банкінің, сондай-ақ POCO компаниясының басшылығымен кездесулер өткізіп, олардың барысында қаржы және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Сапар аясында М.Тілеуберді Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттейтін вьетнамдық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Crystal Bay компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Нгуен Дык Чимен әңгіме барысында туристік саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Duc Giant Chemicals Group корпорациясының басшысы Дао Хыи Хуен химия өнеркәсібіндегі ынтымақтастық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты. Thai Binh Seed Вьетнамдағы күріш өсіру саласындағы жетекші институттың бас директоры Чан Мань Бао Вьетнамда өсірілетін, аз мөлшерде суаруды қажет ететін күріштің жаңа сорттарының тиімділігі туралы айтты. Vietjet әуе компаниясының вице-президенті Нгуен Тхань Хунгпен Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тікелей әуе қатынасын ашу мәселелері талқыланды. Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Алматы - Нячанг және Нұр-Сұлтан - Нячанг бағыттары бойынша рейстер іске қосылады. Қазақстан Сыртқы істер министрінің Ханойдағы кездесулері өзара тиімді ынтымақтастық пен көпжылдық достық қарым-қатынастарды нығайтуға өзара ниетін растады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді