Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында екі ер адам әйелін ұрып өлтірді деп күдіктелуде

Жетісу облысында соққыдан көз жұмған екі әйелдің өлімі тіркелді. Екі істе де күдікті ретінде олардың жұбайлары ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Ведомстволық сайттың мәліметінше, қайғылы оқиғаның бірі Қаратал ауданы Жанаталап ауылының маңындағы шаруа қожалықтардың бірінде тіркелген. 26 қыркүйекке қараған түні ферма аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы әйелдің денесі табылған. Марқұм 47 жастағы азаматтық жұбайымен бірге жергілікті кәсіпкердің малын баққан.

"Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар бір күн бұрын қонақтарды күткен, олар кеткеннен кейін араларында жанжал туындаған. Қонақтардың бірінен әйелін қызғанған ер адам оны аяусыз соққыға жыққан, салдарынан әйел соққыдан оқиға орнында көз жұмған. Жәбірленушінің жұбайын полиция қызметкерлері ұстап, қамауға алды", - деп жазады медиа басылым. 

Қазір аталмыш дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізілуде.  Ведомстволық сайттың хабарлауынша, осыған ұқсас дерек 25 қыркүйекте көршілес Ескелді ауданында болған. Онда Қарабұлақ ауылындағы жеке үйлердің бірінен 34 жастағы әйелдің денесі табылған.

Марқұмның 45 жастағы жұбайының соққысынан қайтыс болғаны анықталған. Өз айғақтарында ер адам әйелінің ішімдік іше бастағанын және үйге қарауды қойғанын айтқан. Кейін ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындап, соңы әйелдің өлімімен аяқталған. Ведомстволық сайттың мәліметінше, бұл іске қатысты тергеу де Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді