Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымбұлақта қар көшкінінің жүру қаупі салдарынан жол жабылды

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті тауда абай болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қар көшкіні қаупіне байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта Үлкен Алматы көлі мен Шымбұлаққа баратын жолдар жабылып, бекеттер қойылған. ТЖД 30 қараша күні жылымықтын әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертіп отыр. Осы орайда, құтқарушылар тұрғындарды қар көшкінін тудырмау үшін тау беткейлеріне шықпауға, сондай-ақ жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, тауда жаяу серуендеуден бас тартуға шақырды.

"Егер қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауылдық ескерту хабарланса, ауа райы жақсы болғанша биік таулы аймақтарға серуенді кейінге қалдырған дұрыс. Егер сіз тауда болсаңыз, абай болу керек және ауа райының өзгеруін бақылап отыру қажет. Тау беткейлерінде қардың ығысуын, қардан түйіршіктерді байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн – бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, қар көшкіні болуы мүмкін екенін көрсетеді", - дейді ТЖД өкілдері. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады