Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда әйелін аяусыз ұрған ер адам жазаға тартылды

Талдықорғанда әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адам жазаланды. Қалалық сот жергілікті тұрғынның біріне қатысты іс материалдарын қарады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, отбасылық жанжал фактілері бойынша 44 жастағы ер адам бірнеше рет құқық қорғау органдарының назарына іліккен. Кезекті жанжал кезінде әйел ауруханаға түсіп, дәрігерлер оған мидың шайқалуы, жабық ми жарақаты, параорбитальды гематома, иық пен қабырғаның зақымдануы, бірнеше қабырға сынуы деген диагноз қойған. Бұл жайттан кейін тергеушілер денеге зақым келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеу кезінде ер адамға жәбірленушіге жақындауға тыйым салынған.

"Іс жүзінде дәлелдемелік база жинақталып, оған бірнеше сараптаманың нәтижелері қоса тіркелді. Тергеу аяқталғаннан кейін айыптау қорытындысы бар материалдар қалалық соттың қарауына жіберілді. Сот үкіміне сәйкес, құқық бұзушыға бір жыл бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі жұмыс түріндегі жаза тағайындалды", – дейді Талдықорған қалалық полиция басқармасының анықтаушысы Батырхан Маштақов.

Басылымның мәліметінше, сондай-ақ әйел күйеуінен кету туралы шешім қабылдаған. Қазіргі таңда ол бөлек тұрады. Ер адам полиция қызметкерлерінің қатаң бақылауында. Жаза кезінде оған ойын-сауық орындарына (кафелер, барлар, мейрамханалар және тағы басқа осыған ұқсас орындарға) баруға және 22:00-ден кейін рұқсатсыз тұрғылықты жерінен кетуге және қаладан кетуге тыйым салынған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты