Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Смайылов 1 қыркүйекке дейін Үкіметке еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру туралы шешімді енгізуді тапсырды

Еліміздің елді мекендерін газдандыру мәселесі ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Нұр-Сұлтан қаласының және Батыс Қазақстан облысының әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Энергетика министрлігі басшысының ақпаратына сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда газбен қамтамасыз ету деңгейі халық санының 57,67%-ын құрады. Елді газдандыру 2015-2030 жылдарға арналған бас схемаға сәйкес жүзеге асырылуда.

Премьер-Министр соңғы 5 жылда ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35%-ға артқанын атап өтті. Өткен жылдың өзінде ғана 3600-ден астам өнеркәсіптік нысан көгілдір отынға көшірілді.

«Биыл тұтыну көлемі 20 млрд текше метрге дейін өседі деп болжануда. Газдандырылған елді мекендердің жалпы саны 1700-ден асады. Осылайша 11 млн-нан астам қазақстандық табиғи газға қол жеткізеді», — деді Ә. Смайылов.

Премьер-Министр тұрақты өсім көрсетіп отырған газ саласының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алатынын атап өтті.

«Өсіп келе жатқан халық саны мен өнеркәсіп саласының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін газ көлемі жеткілікті болуы керек. Сондықтан ресурстық базаны кеңейту, оның ішінде ауқымды геологиялық барлау жұмыстары негізгі міндетке айналуы тиіс», — деді Министрлер кабинетінің басшысы.

Премьер-Министрдің пікірінше, шикізат қоры, әсіресе, газдың жеткілікті көлемі нарыққа келетін әлеуетті инвесторлар үшін аса маңызды.

Осыған байланысты бейінді ведомстволарға 15 маусымға дейін Жетілдірілген модельдік келісім-шартты әзірлеу аясында газ жобалары үшін реттеушілік және фискалдық преференциялардың түпкілікті пакетін әзірлеу тапсырылды.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов елді одан әрі газдандыру газ тасымалдау жүйесінің деңгейі мен жағдайына тікелей байланысты екенін атап өтті. Бүгінгі таңда газ құбырлары максималды қуатында жұмыс істеп тұр. Олардың көбі күрделі жөндеуді қажет етеді. Осыған орай Премьер-Министр 1 шілдеге дейін Үкіметке Өңірлерді газдандырудың 2030 жылға дейінгі бас схемасының жаңартылған жобасын енгізуді тапсырды.

«Жаңа нысандарды салу, ескілерін жаңғырту және жөндеу бойынша нақты жоспар болуы керек», — деді Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандырудың оңтайлы шешімі іздестіріліп жатыр.

«Қазір екі нұсқа пысықталып жатыр. Бірі – Ресей арқылы газ тарту болса, екіншісі – “Сарыарқа” магистральдық газ құбыры арқылы. Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан кешіктіруге болмайды», — деді Әлихан Смайылов.

Осыған байланысты Энергетика министрлігіне тиісті әкімдіктермен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, биылғы 1 қыркүйекке дейін аталған нұсқаларға кешенді бағалау жүргізіп, келісілген шешімді енгізу тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді