Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Казиноға барған мемқызметкерлер жөнінде ҚМА қызметтік тексеріс нәтижесін мәлімдеді

Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадрлық жұмыстар департаментінің директоры Нұрлан Адалиев ОКҚ-да өткен брифингте қызметкерлерінің ойынханаларға барғаны жайлы факті бойынша жүргізілген қызметтік тексерістің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Нұрлан Адалиевтің айтуынша, аталған фактіге қатысты тиісті мемлекеттік органдар, соның ішінде Қаржылық мониторинг агенттігі де қызметтік тексеріс жүргізген.

"Шынында да, ол жерде бізден бірқатар қызметкеріміз аталды. Бұл фактілер бойынша қызметтік тексеріс жүргізілді. Шынында да, ол жерде (ойынхана - ред.) қызмет бабына байланысты 4 қызметкер болған. Өздеріңіз білесіздер, бұл заңмен қарастырылған. Екі қызметкер бойынша фактілер расталды. Олар қызметке толыққанды сай келмейтіні туралы ескерту түрінде қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды", – дейді ол. 

Адалиевтің сөзінше, агенттіктің осы істе аты аталған өзге қызметкерлері казиноға барғанда және тексеріс кезінде Қаржы мониторингі агенттігінде жұмыс істемеген.

Еске салайық, бұған дейін прокурорлар елімізде бірқатар мемлекеттік органның қызметкерлері ойынханаларға барғанын және олардың мұндай қызметке жұмсаған шығыны өздерінің жалақысына сай келмейтінін анықтаған болатын. Кейін Жоғарғы сот өкілі судьялардың казиноға барғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Прокуратура құжатында ойынханаларға барған әскери қызметкерлер жайлы да мәлімет бар. Бұған қатысты пікір білдірген Қорғаныс министрі қызметтік тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді. Ал ІІМ басшысы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты әрбір жағдайға құқықтық баға беруге уәде берді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді