Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі қызметкерлерінің казиноға барғанына қатысты пікір білдірді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы прокуратурасының желіде пайда болған құжатына қатысты пікір білдірді. Құжатта Антикор қызметкерлерінің де казиноға барғаны туралы жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

"Хатта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үш қызметкерінің ойынханаға барғаны айтылады. Бірінші жағдайға қатысты жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша, аталған тұлғалардың бірі өзге өңірдегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұған дейін жұмыстан босатылған қызметкері екені анықталды. Ойынханаға барған кезде жекеменшік ұйымда жұмыс істеп жүрген", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында. 

Ведомство екінші жағдайда қызметкердің ресми жедел-іздестіру іс-шараларына байланысты казиноға барғаны анықталғанын атап өтті. Жауапта сондай-ақ қызметкердің ойын үшін ақша төлемегені және казинода 10 минут болғаны айтылады. Бұл бейнежазбаға арқылы расталып отыр дейді, Антикор өкілдері.

"Үшінші жағдайда, белгісіз біреудің ойынханаға барып, сол уақытта басқа қалада қызмет бабымен жүрген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қазіргі қызметкерлерінің бірінің жеке мәліметтерін бергені анықталды. Жалған сөйлеу фактісі фото және бейнежазбалармен расталды. Қазір казино әкімшілігі ішкі қызметтік тексеріс жүргізуде. Тұлғаның жеке басы анықталып жатыр", - деп қосты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Алматы облысының прокуроры Берік Адамов қол қойған құжат жарияланған еді. Онда бірнеше облыстың түрлі мемлекеттік органдарының 305 қызметкері қызмет барысында құмар ойындарға 507 млн теңге жұмсағаны айтылған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды