Ср, 09 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың құрметіне коллекциялық монеталар сатылымға шығады

17 қарашадан бастап "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары сатылымға шығады, деп хабарлайды Ұлттық банк ресми сайтында.

Ақын Жамбыл Жабаевтың құрметіне шығарылып отырған коллекциялық монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, номиналы 100 теңгелік, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, таралымы 15 000 дана. Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бар. Жиегі "QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазумен айналдыра көмкерілген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін "100 TEŃGE" жазуы бар. Монетаның реверсінде Жамбыл Жабаевтың портреттік бейнесі көрініс тапқан, орта тұсында ақынның "Артықша туған азамат" өлеңінің жолдарын оқуға болады.

Жиегінде "JAMBYL" және "QAZAQ HALYQ AQYNY" жазулары айналдыра басылған. "JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары белгіленген құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстанның барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті", – дейді Ұлттық банк өкілдері. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған, ол Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты