Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорданың жаңа рәміздері пайда болады

Астана қалалық мәслихаты "Қазақстан республикасының елордасы – Астана қаласының рәміздері туралы" шешім жобасын дайындады. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды kazlenta.kz

Шешім жобасы 20 қыркүйекте жарияланды, қоғамдық талқылау 4 қазанға дейін жалғасады. Авторлар Қазақстанның елордасы – Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы мен қолдану тәртібін бір ізге келтіруді ұсынып отыр. Төменде елорданың елтаңбасының сипаттамасы берілген. "Астана қаласының елтаңбасы көгілдір түс аясында алтын түсті "Бәйтерек" пен "Шаңырақ" бейнеленген екі нышан орналасқан дөңгелекті білдіреді.

"Бәйтерек" белгісі негізінде "Құсқанаты" оюы орналасқан, оның төменгі жағында стильді "Н" әрпі орналасқан, "Құсқанаты" оюы және "Н" әрпі алтын түсті. "Шаңырақ" белгісі мен "Құсқанаты" оюының сыртқы жағы жасылмен көмкерілген. Сыртқы сақинаның көмкерілген жерінде сол және оң жақтарында қызыл аяда алтын түсті "Бөрікөз" оюы орналасқан.

Елтаңбаның төменгі жағында алтын түстес аяда қызыл түсті ASTANA деген жазуы бар. ASTANA жазуының сол және оң жағында алтын түсті үш симметриялы сызықтар орналасқан", - делінген жобада елтаңба туралы.

Сондай-ақ құжатта елорда туының да сипаттамасы берілген. "Астана қаласының туы ені мен ұзындығы 1:2 қатынастағы ортасында Астана қаласының елтаңбасы орналасқан тік бұрышты жайматөсемді білдіреді, одан жан-жаққа алтын түстегі күн сәулелері шашылып тұрады", - делінген құжатта. Соныме қатар авторлар Астана қаласының туы мен елтаңбасының қолданылуын реттейтін нормаларды әзірлеген.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты