Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық жазушылардың шығармалары әлемнің танымал тілдеріне аударылады

Мәдениет және спорт министрлігі шетелдік баспалармен қазақстандық жазушылар мен ақындардың еңбектерін аудару және тарату бағытында келіссөздер жүргізуде. Қол жеткізілген уағдаластықтар туралы Франкфурт халықаралық кітап жәрмеңкесі барысында белгілі болды, оған ҚР МСМ мұрағат істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Іс-шара биыл әлемнің 85 елінен мыңға жуық жазушы, ақын, драматургтерін жинаған кітап шығару әлеміндегі басты оқиғалардың бірі. Бұл ретте жәрмеңке алаңында іскерлік кездесулер, дөңгелек үстелдер, концерттер және т. б. өтеді.

«Бүгінде қазақстандық әдебиет жаһандық кеңістіктің ажырамас бір бөлігіне айналды және онда маңызды орын алады. Жазушыларымыздың арқасында әлемнің көптеген елдеріндегі азаматтардың барынша кең ауқымына біздің бай тарихымыз бен мәуелі мәдениетіміз туралы айтып берудің бірегей мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, біздің міндетіміз- классиктерімізді де, қазіргі авторларымызды да Еуропа мен Азия нарығына шығару. Сондықтан бүгін біз отандық әдебиетті әлемнің танымал тілдеріне аудару және ілгерілету бойынша жетекші баспалармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді Қуат Бораш.

Айта кетейік, жыл сайын жәрмеңкеге әлемнің 100 елінен 7 мыңға жуық баспа, 275 мыңнан астам адам қатысады, оның жұмысы аясында 4 мыңнан астам іс-шара өткізіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады